Қырғыз депутаты Ресейде мигранттарды тексеретін емхана қызметінің бағасын сынады

Қырғызстан парламентінің депутаты Нұржігіт Қадырбековтің мәлімдеуінше, Ресейде медициналық тексеруден өткен қырғызстандықтардан жыныс ауруларын анықтап, оларды бір ғана клиникада емделуге мәжбүрлеп жатыр.

Депутаттың айтуынша, Сахаров орталығындағы медициналық мекеме әрбір мигранттан 5700 рубль алады.

«Емделуі қажет азаматтарды Ленин даңғылындағы бір ғана емханаға жібереді. Ондағы қызмет 18 мың рубль тұрады. Олар біздің азаматтарымыздың арқасында ақша жасап отыр ма деген ой туындайды. Біздің СІМ мен елшілік тексерсін. Олар неге азаматтарымызға осылай қарайды?».

Қырғызстан азаматтарының құқықтары бұзылғаны анықталса, шұғыл шара қолдану керек, деп есептейді депутат.

2021 жылғы 29 желтоқсанда «Шетел азаматтарының құқығы туралы» заң өзгеріп, соған сәйкес жаңа көші-қон ережелері күшіне енді. Заң бойынша, шетел азаматтары жұқпалы ауруларға тексеріліп, саусақ іздерін тапсырып, суретке түсуі, тіркелуі тиіс.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий