Қырғыз депутаты: шекарадан өткенде қазақ жағы жүк тасымалдаушылардан 5 мың доллар сұрайды

Жогорку Кеңеш депутаты Таабалды Тиллаев үкіметті Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттерінде жүк тасымалдаушылардың ұзын-сонар кезегін шешуді сұрады. Оның сөзінше, қазақ жағы шекарадан өту үшін ақша талап етеді.

«Қазақстан арқылы транзитке байланысты маған жүк тасушылар хабарласты. Олар көршілер ай сайын бір жүк көлігі үшін 4-5 мың доллар талап етіп жатқанын айтады. Мен ЕАЭО аясында кездесу өткізуді сұраймын. Сіздер қазір «Дордой», «Қара-Суу» базарындағы жағдайды жақсы білесіңдер», — деді Тиллаев 10 маусымда өткен парламент отырысында.

Мамыр айының соңында «Ақтілек» өткізу бекеті арқылы Қазақстанға өту үшін 80-90 көлік кезекте тұрғаны күндер болған. Шекара қызметі мұндай ұзын-сонар кезек экономикалық қатынас жанданып, жүк көлігі тасымалы көбейгенімен байланыстырған.

Қазақстан арқылы жүк тасушылар мәселесі 3 маусымда қырғыз үкіметінің басшысы Улукбек Мариповтың Қырғызстандағы қазақ елшісі Рапил Жошыбаевпен кездесуі кезінде талқыланған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий