Қырғыз экс-премьері Сапар Исаковты сотқа мәжбүрлеп апарады

Тергеу абақтысында отырған Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков сотқа барудан бас тартса, оны күшпен алып барады.

Мұндай шешімді Бішкек Жылу электр орталығын (ЖЭО) модернизациялау бойынша істі қарап жатқан Свердлов аудандық сотының судьясы Инара Гилязеддинова қабылдады. 25 қазанда Исаков сот отырысына қатысудан бас тартқан. Себебі ол өзі сотталып жатқан іс бойынша кейбір адамдарды тергеуге алмағанына наразы.

Мемлекеттік бюджеттен 386 млн жұмсалған ЖЭО модернизациялау бойынша қылмыстық іске байланысты бұрынғы үкімет басшылары Сапар Исаков, Жантөрө Сатыбалдиев, бұрынғы энергетика министрі Осмонбек Артыкбаев, «Ұлттық энергохолдинг» компаниясының бұрынғы төрағасы Айбек Калиев, оның сол кездегі орынбасары болған Жолдошбек Назаров, «Электр станциялары» компаниясының бұрынғы жетекшісі Салайдин Авазов және ЖЭО- ны модернизациялау жобасының бұрынғы атқарушы директоры Темирлан Бримкулов былтыр қамауға алынған.

Бұл іс бойынша сот биыл ақпан айынан бері жүріп жатыр.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий