Қырғыз милициясы бірнеше жігіт алып қашқан қызды үйге қайтарды

Қырғызстанның Жалал-Абад облысына қарасты Созақ ауданында 12 сәуірде сағат 21:00 шамасында қыз алып қашу оқиғасы тіркелді.

Созақ ауданының милициясы қыз алып қашушыларды ұстады. Олар ауданнан шығып үлгермеген. Тергеу жүріп жатыр.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, қыз аман-есен үйіне қайтты. Оны алып қашқандардың кім екені анықталып жатыр.

Адвокат: Милиция Айзада Қанатбекованың қазасын тергеуді бастамай жатыр
Айта кетерлік жайт, дәл сол күні, 12 сәуірде, бірінші вице-премьер-министр Артем Новиков әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері жөнінде жиналыс өткізіп, мұндай қылмысты азайту үшін «іс жүзіндегі әрекеттер тізімін» қабылдауға үндеген.

Қырғызстанда қыз алып қашу мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Сәуір айының басында бір топ жігіт алып қашқан Айзада Қанатбекованың өлі денесі табылған. Милиция қылмыстық іс қозғап, төрт күдіктіні ұстады.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий