Қырғыз министрі Азаттық зерттеуі туралы пікірін айтты

Қырғызстан цифрлық даму министрі Талантбек Иманов «Кабар» мемлекеттік ақпарат агенттігіне Азаттықтың «Ұлан» кәсіпорынынан 54 млн сом шығарылғаны туралы зерттеуіне қатысты сауалдарға жауап берді.

Министр зерттеуде айтылған мәліметтерді «жала» деп атады.

«Ұлан» қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс болған. Соған байланысты тергеушілер сауалдарына жауап бердім, кейін қылмыс құрамы жоқтығы анықталды», — дейді Иманов.

Биыл маусым айында Азаттықтың Қырғыз қызметі «Ұланнан» шығарылған 54 миллионның ізі» деп аталатын зерттеуін жариялады. 2020 жылғы қарашада арнайы қызмет «Ұлан» жетекшілері ұсталғанын хабарлады. Бұған қоса, «Дастан» компаниясының қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырғаны хабарланды. Сол кезде Талантбек Иманов «Дастан» зауытының директоры болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий