Қырғызстан омбудсмені Атыр Әбдірахматова №2 әйелдер колониясының жағдайымен танысты. Бұл туралы Акыйкатчи институтының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметте айтылғандай, бұл колонияда қазір үш жасқа толмаған баласы бар тоғыз әйел отыр. Олар түрме жазасын өтеуді кейінге шегеруге рұқсат бермегенін айтты.
«Тексеру барысында колонияда балаларға арналған алаңқайлар екені, қауіпсіздік сақталмайтыны, кір жуғыш жоқ екені, балаларға памперстер мен манеж жетіспейтіні анықталды», — деп хабарлады Омбудсмен институты.
Сол себепті Атыр Әбдірахматова үш жасқа толмаған баласы бар әйелдерге түрме жазасын орындауды кейінге шегере тұруға рұқсат беруді ұсынды.