Қырғыз парламенті үш депутатты жауапқа тарту мәселесін қарайды

Жогорку Кеңеш 1 желтоқсанда өтетін жалпы отырысында депутаттар Асылбек Жээнбеков, Төрөбай Зулпукаров және Бакытбек Жетигеновті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін депутаттық комиссия құру мәселесін қарайды.

Мұндай ұсынысты бас прокурор Курманкул Зулушев түсіргенін парламенттің ресми сайты жариялады.

Жогорку Кеңеш қамауда отырған Жээнбеков пен Зулпукаровтың қол сұғылмаушылық мәртебесін алу бойынша депутаттық комиссия құру мәселесін 26 қарашада қараған. Бірақ кворум жиналмады.

Екі депутат «Құмтөр ісі» бойынша күдікті ретінде қамалған.

Ал Бакытбек Жетигенов «Билікті күшпен тартып алуға дайындалды» деген күдікпен қамалып, 27 қарашада Бірінші май аудандық сотының шешімімен 26 қаңтарға дейін қамалған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий