Қырғыз парламенті алдында депутат Шайлообек Атазовқа қарсы пикет өтті

10 маусымда Жогорку Кенеш ғимараты алдында журналистер Махинур Ниязова, Айгүл Сторожук және қоғам белсендісі Ұмай Арықова депутат Шайлообек Атазовқа қарсы пикет өткізді.

Бұның алдында Атазов парламенттегі жиналыста миграцияға кетіп жатқан қыздарды сынаған. Акция өткізушілер депутаттан мандатын тапсыруды талап етті.

Жогорку Кенештің 9 маусымдағы отырысында Шайлообек Атазов 18-20 жастағы қыздар шетелге ата-анасымен бірге немесе тұрмыс құрған соң ғана шығуы тиіс деп мәлімдеген. Әлеуметтік желі қолданушылар депутаттың бұл сөзін сынады. Олар депутат мәлімдемесі әйел құқықтарын бұзады деп есептейді.

Бұның алдында еңбек министрлігі Құдайберген Базарбаев Қырғызстанда миграция 3 млн адамды қамтыды деп мәлімдеген. Министрдің мәліметінше, 2018 жылы миграциядағы әйелдер саны ер азаматтарға қарағанда екі есе көп болған.

Ресми мәлімет бойынша, шетелде Қырғызстанның 1 млн 118 мың азаматы жұмыс істейді, олардың миллионға жуығы Ресейде жүр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий