Жогорку Кенеш прокуратураға парламент депутаттары Асылбек Жээнбеков пен Торобай Зулпукаровты жауапқа тартуға рұқсат бермеді.
8 желтоқсанда парламенттің жалпы отырысында Жогорку Кенеш осы мәселені тексерген депуттатық комиссия шешімін мақұлдады.
Комиссия төрағасы Қанатбек Исаевтың мәлімдеуінше, Бас прокуратура Жээнбеков пен Зулпукаровты тиіспеу құқығынан айыруды сұраған. Бұған тергеумен жұмыс істеуге келіскен депутаттар Талант Узакбаевтың, Алмазбек Баатырбековтің және Исхак Пирматовтың куәлігі себеп болған. Бұл жағдай тағылған айыптардың рас екеніне күмән туғызады, деп мәлімдеді комиссия төрағасы.
Депутаттық комиссия Жээнбеков пен Зулпукаров заңсыз ұсталды деген ұйғарым жасады.
Депутат Бақыт Жетігеновті жауапқа тарту-тартпау мәселесі жақын күндері талқыланады.