Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Бішкектегі бір мандатты Ленин округына қайта сайлауды 10 қыркүйекке белгіледі.
ОСК 28 мамырда өткен Ленин округундағы сайлау қорытындысын заңсыз деп тапқан. Оған заң бұзуларға байланысты сайлауда 35,86% дауыспен бірінші орын алған Дамира Ниязалиеваның және екінші болып келген Ұлан Сариевтің тіркелуін жоққа шығаруы негіз болған.
Екі үміткерге «сайлаушылардың дауысын сатып алды» деген айып тағылған.