Қырғыз президенті әкімшілігі: Біз БАҚ-ты бөтен деп бөлмейміз

Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Алтынбек Жумаев билік БАҚ-ты «өзіміздікі және бөтен» деп бөлмейді деді.

Ол бұл ойын журналист Майраш Базлакуноваға берген сұқбатында айтқан.

Жумаев президент әкімшілігінің ақпарат саясаты қызметі барлық журналистермен жұмыс істейтінін жеткізген.

Биыл жыл басынан бері Қырғызстанда бірқатар тәуелсіз ақпарат құралдары мен журналистерге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Олардың арасында Kaktus.Media, Next TV телеканалы, Temirov.Live каналының негізін қалаушы Болот Темиров бар. Next TV каналының директоры Таалай Дуйшембиев екі айға қамалды.

«Медиа Полиси институты» 2020 жылдың қазан айынан бері Қырғызстанда сөз бостандығы тарылғанын айтады. Human Rights Watch пен Helsinki Committee ұйымдары Қырғызстан билігін журналистерге қысым жасауды тоқтатуды талап етті.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий