Қырғыз президентінің баспасөз хатшысы «Мега» ұялы операторын кімдер сатып алуы мүмкін екенін айтты

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев мемлекеттің «Альфа Телекомға» (Mega) қатысты жоспары өзгермегенін мәлімдеді.

Ол компания аукционға шығарылғанын, бірақ «Меганы» Мемлекеттік даму банкі аукцион арқылы сатып алғысы келетінін айтты.

«Осылайша компания мемлекет меншігінде қалып, ел экономикасы дамытуға үлес қоса береді. Оның үстіне, басқарушылар өзгерген соң халыққа қызмет көрсету сапасы артады» деп жазды Сұлтанбаев.

Бұның алдында Қырғызстан мемлекеттік мүліктерде басқару жөніндегі қоры «Альфа Телеком» («Мега» сауда маркасы) компаниясының 100 пайыз мемлекеттік акцияларын сату үшін электронды аукцион өтетінін хабарлаған.

Қор сайтындағы ресми мәліметке қарағанда, бастапқы лот құны – 14,6 млрд сом (шамамен 167 млн). Электронды аукционға қатысушылардан өтініш қабылданып жатыр. Аукцион 2 қазанда өтеді.

Аукционға қатысқы келетіндер кепіл жарна ретінде нысан құнының 10 пайызын, яғни 1 млрд 460 млн сом өткізуі тиіс.

«Альфа Телекомның» 2,5 млн абоненті бар. Компания 8 млн 700 мың 100 акцияға ие.

Еске салайық, наурызда «ПолитКлиника» басылымы «Альфа Телекомды» бұрынғы президент Құрманбек Бәкиевтің ұлы Максим Бәкиевке жақын адамдар алғысы келетінін жазған.

Жогорку Кеңеш депутаты Жанарбек Ақаев компанияны тым арзанға сатып жатқанына алаңдап, прокуратурадан осы мәселені анықтауды сұраған.

«Мега» ұялы байланыс операторы табысы жағынан «Құмтөр Голд Компанидан» кейінгі екінші мемлекеттік кәсіпорын. Мәліметтерге қарағанда, 2022 жылы «Альфа Телеком» бюджетке шамамен 1 млрд сом табыс түсірген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий