Қырғыз президентінің жарнамасынан кейін уқорғасынға уланды деген болжаммен бірнеше науқас ауруханаға түсті

Бішкекте 20 сәуірде уқорғасын тұнбасына (Ыстықкөл тамыры) уланды деген болжаммен бір адам Ұлттық кардиология және терапия орталығына жатқызылды.

Бішкек қалалық жедел жәрдем көрсету орталығы науқастың 63 жастағы ер азамат екенін айтты. Ақпаратқа қарағанда, ол уқорғасын шөбінің тұнбасын ішкен.

Бұдан бөлек тағы екі науқастың улану белгілері бойынша токсикология бөліміне жатқаны хабарланды.

15 сәуірде президент Садыр Жапаров дәрігерлер коронавирустан «бір-екі күнде сауықтыратын дәрі» тапқанын Facebook желісіне жариялаған. Онымен бірге бірнеше адамның арнайы аппараттың көмегімен бөтелкелерге тұнбаны құйып жатқаны түсірілген видео жарияланған. Ол бөтелкелерде «уқорғасын» деп жазылған.

16 сәуірде денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев уқорғасын тұнбасы коронавирусқа шалдыққан науқасқа беріліп жатқанын брифинг кезінде айтқан.

Министрдің бұл сөздері медицина саласы бойынша эксперттердің және қоғам белсенділерінің наразылығын туғызып, оның отставкасын талап еткен.

Facebook компаниясы қырғыз президенті Жапаровтың уқорғасынға қатысты жазбасын өшіріп тастады.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий