Қырғыз прокуратурасы Kaktus.media журналистерін тергеуге шақырды

Басылым хабарлағандай, 3 ақпанда 6 журналист тергеуге шақырылған, қалғаны басқа күні шақырылады. Жауап алынған журналистер тергеу мәліметі туралы ақпарат бермеу жөнінде қолхат жазып берген.

Прокуратураға Kaktus.media сайтының редакторлары шақырылған.

Бішкек қаласы Бірінші май аудандық прокуратурасы Kaktus.media сайтында қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал туралы 27 қаңтарда жарияланған мәліметке байланысты қылмыстық іс қозғап, заңдылығына баға беру үшін тергеу жүріп жатыр.

“Мақалада Қырғыз Республикасының әскери қызметкерлері Тәжікстан Республикасы тарапқа бірінші болып оқ атып, арандатушылық жасады деген шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет таратты. Аталған факты бойынша Бішкек қаласы Бірінші май аудандық прокуратурасы тарабынан Қылмыстық кодекстің 407-бабы (“Соғысты жарнамалау”) бойынша қылмыстық іс қозғалған”, — деп айтылады бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Kaktus.media талас туғызған мақала жайында түсіндірме берген. Онда ол ақпарат Тәжікстанның Asia Plus басылымынан көшіріліп басылғаны айтылған.

«Басылымның жалғыз мақсаты – тәжік тарап қандай ақпараттық саясат жүргізіп жатқанын қырғыз қоғамына жеткізу болды. Қазір ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Оған қарсылық көрсету үшін, екінші тараптың қандай іс-әрекеттер жасап жатқанын да білу керек. Жарияланған мақалада, ақпарат көзіне сілтеме берілген. Басқа басылымнан алынған ақпарат бойынша ойымызды жеткізе алмағанымыз – біздің қателік. Осыған байланысты барлық қырғызстандықтардан кешірім сұраймыз», — деп жазылған басылым түсіндірмесінде.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий