Бішкектегі Ленин ауданы сотының судьясының үстінен дипломды заңсыз алу дерегі негізінде іс қозғалды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.
Қылмыстық іс «қызмет бабын асыра пайдалану» бабы негізінде қозғалған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, судья Т.М. «2003 жылы ҚҰУ экономика факультетінің 3-курсында оқып жүріп, осы оқу орнындағы заң факультетінің 1-курсына заңсыз қабылданған.
ҰҚМК мәліметінше, қылмыстық іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
Биыл қаңтарда президент Садыр Жапаров мемлекет қызметкерлерінің дипломын, азаматтығын тексеруді тапсырған. Арнайы қызмет мұндай тексеру үш айға созылатынын хабарлаған. Бұның алдында Орозайым Нарматова жалған дипломы үшін депутат мандатынан айрылған.
Наурызда арнайы қызмет Жогорку Кенештің төрт депутаты жалған диплом алды деген күдікке іліккенін мәлімдеді, алайда одан кейінгі мәліметтерде үш депутат туралы ғана айтылып жүрді. Комитет тізімінде әкімдер, министрлер, судьялар және басқа да мемлекет қызметкерлері болған. Олардың аты-жөні аталмады.
Сәуір айында Орталық сайлау комиссиясы депутаттар Фархат Исмаилов пен Фарходбек Әлімжанов жалған диплом алған деген күдікке іліккенін хабарлаған. Алайда кейін екі депутат та мәліметті жоққа шығарған.