Қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанның Баткен облысында қырғыз-тәжік шекарасындағы 12 сәуірдегі оқ ату оқиғасына байланысты «бейбіт өмірге қарсы қылмыс» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қырғыз-тәжік шекарасында 12 сәуірде оқ атылған оқиға тіркелді. Тараптар үш рет кездесіп, келіссөз жүргізген.

Онда тараптар шекара маңына тартылған қосымша күштерді кері қайтару және бұл шешімнің атқарылуын бақылау үшін тиісті органдардан тұратын арнайы комиссия құруға уағдаласқан.

Сонымен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін екі тараптың өкілдері бірлескен жұмыс тобын құрады.

Соңғы оқиғада Қырғызстанның алты азаматы жараланған. Денсаулық сақтау министрлігі Раззаков қаласында төрт адам ауруханада жатқанын мәлімдеген.

Азаттықтың тәжік қызметі жарақат алған 27 жастағы тәжікстандық ауруханада қайтыс болғанын хабарлаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий