Қырғызстан және Тәжікстан арасындағы шекараларды делимитациялау және демаркациялау жөніндегі келіссөз 16 наурызды Соғды облысының Гүлістан қаласында өтеді.
Бұл жөнінде Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Белгілі болғандай, екі елдің сыртқы істер министрі телефон арқылы сөйлесіп, бұл мәселені талқылаған.
Олар әлі шешімі табылмаған аймақтарды екі елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып белгілеу жұмысын жалғастырамыз деп атап өткен.
Қырғыз бен тәжік шекарасының қашықтығы 976 шақырым. Оның тек 519 шақырымы анықталған. Қалғаны әлі даулы күйінде тұр. Сол себептен шекара маңына жақын елді-мекендерде жанжал жиі болып тұрады. Тек былтыр 9 оқиға тіркелді.