Қырғыз жерінен жоғалып кеткен қазақ сарбазының денесі табылды

Қырғызстанның Шу облысы ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 10 сәуір күні кешкісін тау басынан 20-25 жастағы ер адамның денесі табылғаны хабарланған.

Оперативті-тергеу тобы оқиға орнына барған кезде, жар басында өзінің белдігіне асылып қалған жас сарбаздың денесін тапқан.

Тергеу барысында оның 2003 жылы туған Б.У. есімді Қазақстан азаматы екені белгілі болған.

Қазақстандық БАҚ-тың мәліметінше, оның денесін жергілікті шопан тауып алып, марқұмның туыстарына табыс еткен. 19 жастағы марқұмның әкесінің сөзінше, ұлы үйіне қоңырау шалып, жиі ақша сұраған. Ол бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен болатын.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий