Қырғызстанның энергетика және өнеркәсіп министрі Доскул Бекмурзаев су сату туралы ұсыныс жөніндегі пікірін айтты.
Тоқтағұл және Қамбарата ГЭС-терінде өткен баспасөз туры аясында журналистермен кездескен энергетика министрі Қырғызстанның Қазақстан және Өзбекстан биліктерімен электр қуатын алмасуға келіскенін мәлімдеді.
«1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін біз электр қуатын қайтарамыз, сол кезде электр қуаты көп өндіріліп, су да көп жіберіледі. Сол себепті су сатты деп айыптауға болмайды. Энергетика саласының мамандары ешқашан су сатқан емес. Қазір ГЭС-тің екі агрегаты жұмыс істеп тұр, қысқа қарай төртеуін іске қосқымыз келеді», — деді министр.
16 маусымда Тоқтағұл су қоймасында 10 миллиард 874 миллион текше метр су болған. Тоқтағұл ГЭС-і Қырғызстанға қажетті электр қуатының үштен бірін өндіреді.