Қырғызстан әлеуметтік қорының басшысы екі айға қамалды

p>

Бішкектің 1-май аудандық соты Әлеуметтік қор төрағасы Медер Ирсалиевті 2021 жылғы 17 қаңтарға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Ол Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторында отырады. Бұл туралы «Азаттыкқа» Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Ирсалиев биыл 18 қарашада ұсталды. Оған Әлеуметтік қордың аймақтардағы мекеме басшыларынан ақша жинады деген айып тағылған.

Медер Ирсалиев Әлеуметтік қор төрағасы қызметіне 2018 жылы мамырда тағайындады. Оған дейін ол қор төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий