Қырғызстан 2021 жылдың көктемінде шекарада болған жанжалға қатысты қылмыстық істерді тоқтатты

Былтыр көктемде шекарада болған жанжалға қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеу аяқталды, бірақ кінәлілерді жауапқа тарту мәселесінде қиындық бар.

Қырғызстанның бас прокуроры Құрманқұл Зулушев парламенттің 6 сәуірдегі отырысында осылай деп мәлімдеді.

Депутаттың жанжалға қатысты қылмыстық істер жайлы сауалына бас прокурор істер қазір тоқтап тұр деп жауап берді.

«Былтырғы жанжалдан кейін қылмыстық істер қозғалды, зардаптары анықталды. Айыпталушылар — келесі жақтың азаматтары. Тергеу аяқталды, бірақ істер тоқтап тұр, өйткені жауапқа тарту мәселесінде қиындық бар», — деді Зулушев.

Депутаттың тәжік жағы шығынды жапты ма деген сауалына бас прокурор «бұған қатысты нәтиже жоқ» деп жауап берді.

2021 жылғы желтоқсанда Баткен облысының соты Тәжікстан азаматы Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусовты 20 жылға соттағаны хабарланған. Олар «бейбітшілікке қарсы қылмыс» және «тонау» баптары бойынша айыпты деп танылған.

2021 жылы 28-30 сәуір аралығында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы жанжал болып, соның салдарынан ондаған адам қаза тапты.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий