Қырғызстан AstraZeneca екпесін салуды қайта бастайды

Қырғызстанда 9 тамыздан бастап AstraZeneca екпесін салуды жалғастырады. Бұл шешім арнайы комиссия қорытындысынан кейін қабылданды.

5 тамыз күні Жалал-Абад облысы Алабұқа ауылындағы әскери бөлімде AstraZeneca екпесін салдырған 56 сарбаздың халі нашарлап, денсаулық сақтау министрлігі британ-швед вакцинасын егуді тоқтатып қойды, оқиғаның мән-жайын анықтау жөнінде комиссия құрды.

Сол күні екпе салдырған 90 сарбаздың төртеуінде 39 градустан жоғары гипертермия, бас ауруы байқалған. Ал 40 әскери қызметкерде субфебрильді температура болған.

Оқиға орнына денсаулық сақтау вице-министрі Жалалидин Рахматулаев пен өзге де жауапты қызметкерлер жолданды. Комиссия жағдайды зерттей келе, реакция сарбаздардың екпеден үрейленуін болған деп қорытты. Комиссияның пікірінше, екпе салғаннан кейінгі клиникалық белгілер қалыпты жағдай саналады.

AstraZeneca екпесі Қырғызстанға шілде айында келген. Екпенің 40 мың дозасын гуманитарлық көмек ретінде Әзербайжан жіберген. Вакцинаны 22 шілдеден бастап сала бастаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий