Қырғызстан COVID-19 пандемиясының жаңа толқынына дайындалып жатыр

Қырғызстан министрлер кеңсесінің төрағасы Әлібек Жапаров 25 қаңтарда медициналық мекемелерді COVID-19 пандемиясының жаңа толқынына дайындауды тапсырды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкімет емдеу мекемелеріне қосымша төсектер орналастыруды, сонымен бірге сұйық оттегі станциясын іске қосуды тапсырды.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшенәлиевтің айтуынша, бірнеше аптаның ішінде елде пандемияның жаңа толқыны басталады.

Бұған қоса, үкімет дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды елден экспорттауға жарты жылға тыйым салды. Үкімет мұндай шешімді ауыр эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу үшін қабылдап отыр.

Қырғызстан билігі 12 қаңтарда елде коронавирустың Омикрон штамы тіркелгенін хабарлады. Бішкек қаласы «қызыл» аймаққа өтті. Астанада 24 мектеп онлайн-оқуға көшті.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий