Қырғызстан екпе алған азаматтардан ПТР тест талап етуді алып тастады

11 ақпаннан бастап Қырғызстанға баратын шетел азаматтары үшін егер екпе алса, ПТР тест тапсыру міндетті емес. Бұл ақпаратты Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі таратты.

Таяуда үкімет басшысының орынбасары Әділ Байсалов Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі республикалық штабында жиналыс өткізген.

Ол денсаулық сақтау министрлігіне 11 ақпаннан бастап COVID-19 вирусын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамды карантинге алу, екпе алған азаматтардан да ПТР тест талап ету ережесін алып тастауға бұйрық берді.

Қырғызстан билігі былтыр 1 желтоқсаннан бастап COVID-19 вирусының омикрон-штамының кең таралуына байланысты елге келетін азаматтардан, екпе алса да ПТР тест талап ету міндеттелген.

Қаңтар айында COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны бірден артты. Ақпан айында бұл көрсеткіш айтарлықтай бәсеңсіген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий