Қырғызстан елін азық-түліктің үш түрімен ғана қамтамасыз ете алады

Қырғызстан өзін картоп, сүт және көкөніспен ғана қамтамасыз ете алады.

Осылай деп 7 ақпанда парламент отырысында ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Жаныбеков мәлімдеді.

Оның сөзінше, қалған азық-түлік шетелден әкелінеді.

«Біз ұнның 45%, қанттың 50% , өсімдік майының 20% және жұмыртқаның 55% ғана қамтамасыз ете аламыз. Бірақ 2024 жылға қарай қант пен ұнды толық өзімізден шығарамыз деп жоспарлап отырмыз», — деді министр.

Қырғызстан ұнның басым бөлігін Қазақстан мен Өзбекстаннан алады.

Былтыр Қырғызстанда жаз құрғақ болып, бидай аз шыққан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий