Қырғызстан халықаралық іздеуде жүрген екі адамды ұстағанын мәлімдеді

Қырғызстанның ІІМ Интерпол арқылы іздеуде жүрген екі азаматтың бірі Испания орталығы Мадридтегі әуежайдан, екіншісі Ресейдің Новосибирскте ұсталғанын мәлімдеді.

ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Қырғызстанның 1988 жылы туған азаматына 2022 жылы іздеу жарияланған. Ол 140 мың доллар ақшаны алып, қашып үлгергені айтылады.

Ақпаратқа сәйкес, күдікті Түркияда жүрген және Қырғызстанмен экстрадициялауға келісімі жоқ елдерге шығып кетіп, АҚШ-қа кету үшін Түркия-Мексика бағытындағы ұшаққа билет сатып алған.

Қырғызстанның 1988 жылы туған тағы бір азаматы бұрынғы банк қызметкері. 900 мың сум алып қашып кеткен деп айыпталған ол Ресейдің Новосибирск әуежайында ұсталған.

Қазір оларды Қырғызстанға әкелу жұмысы жүріп жатыр.

Бас прокуратура мәліметінше, Ресей түрмелерінде 1077 қырғыз азаматы жазасын өтеп жатыр. Олардың көбі есірткі қолдану, таратумен айыпталғандар. Қытай абақтыларында 18 қырғызстандық қамалып жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий