Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев 25 сәуірде Өзгөндө тұрғындармен кездесу кезінде «Кемпир-Абад» су қоймасы жанындағы 50 гектар жер халық талабымен Өзбекстанға берілмейді деді.
«Куршаб халқының қалауын шетке қаға алмаймыз. Біз аспаннан түскен жоқпыз. Халық талабы — біз үшін ең жоғарғы талап. «Кемпир-Абадты» бермейміз дедіңдер ме, бермейміз. Қалған жұмысымызды Аксы, Ала-Бука, Баткенде жалғастыра береміз. «Кемпир-Абад» бойынша айтып қояйын, мұның қатесі 60 жыл бұрын болған», — дейді Ташиев.
Ол мәселе шешілгенін айтып, наразы болғандарды тарауға шақырды.
23 сәуірде «Кемпир-Абад» су қоймасы жанындағы митингіге жүзден астам адам жиналып, «Су қоймасы және оның жанындағы жерлер берілмесін» деп үкімет өкілдерін, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Камчыбек Ташиевтің, Жогорку Кеңештің депутаттарын бес күн ішінде келуін талап еткен.
Қырғызстанның үкімет делегациясы наурыз айында Өзбекстанда үшкүндік сапармен барып, шекара бойынша келіссөзге қатысқан. Осыдан кейін 26 наурызда Ташиев қырғыз-өзбек шекарасы 100% шешілгенін жариялаған.