Қырғызстан мен Өзбекстан бірлесіп көлік шығаруды жоспарлап жатыр

Қырғызстан мен Өзбекстан бірлесіп көлік бөлшектерін шығаратын және автомобиль құрастыратын зауыт салмақшы. Осылай деп Қырғызстанның Ұлттық инвестициялық агенттігінің төраға орынбасары Нурадил Баясов хабарлады.

Бірлесіп көлік шығару жөніндегі келіссөз 2017 жылы басталған екен. Оның сөзінше, келіссөз нәтижесі болып, енді оған қол қою рәсімі Өзбекстан президентінің Бішкекке сапары кезінде жүзеге аспақшы.

Kun.uz сайты Шу облысы Ак-Суу ауданында салынған зауыт көліктің 19 түрін шығаратын болады деп хабарлаған. Зауыт жылына 3000 көлік шығаруды жоспарлап, біртіндеп 30 000-ға жеткізуді көздемек.

19 қаңтарда Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев таяу күндері Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ресми сапармен Бішкекке келеді деп мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий