Жогорку Кеңештің профилді комитеті 5 желтоқсанда Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында екі елдің азаматтарын өткізу процесін жеңілдету жөніндегі құжатты мақұлдады.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Айбек Артықбаевтың сөзінше, екі елдің азаматтары ID-картасы бойынша өте алады.
«Тек жасы 16-ға толмаған азаматтарға ғана шетелге шығатын төлқұжатты көрсету талап етіледі»,- деді вице-министр.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада бірнеше өткізу бекеті жұмыс істейді. Ош облысындағы «Достық» шекара бекеті 2017 жылы ашылды. Жақында «Мәдениет», «Баймак» өткізу бекеттері қайта жұмыс істей бастады.