Қырғызстан мен Өзбекстан «Солтүстік Сох» газ қоймасын бірге пайдаланады

Қырғызстан мен Өзбекстан «Солтүстік Сох» газ қоймасын іске қосу мәселесін талқылайды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Әндіжандағы жиналыста осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы ӨзА ақпарат агенттігі хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, газ қоймасы кейбір себептерге байланысты жабылып қалған. Мирзияев бұл мәселені жақында Қырғызстанға барған уақытта президент Садыр Жапаровпен талқылаған. «Жақында энергетика министрі Қырғызстанға барып, техникалық мәселелерді шешеді» , — дейді президент.

Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мырзамахмұдов ӨзА агенттігіне жер асты газ қоймасының көлемі шамамен 2,5-3 миллиард текшеметр болатынын айтты.

Газ қоймасының көп бөлігі Қырғызстанда, компрессорлар Өзбекстанда орналасқан. Көрші елдер нысанды бірге пайдалану жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий