Қырғызстанның Баткен ауданындағы «Ширеч» су сорғыш станциясын Өзбекстанмен бірге жөндейді.
Баткен ауданының әкімі Учкунбек Жоробаевтың Азаттық радиосы Қырғыз қызметіне хабарлауынша, 23 сәуірде шенеунік Өзбекстанның Сох ауданының әкімі Саидбахор Саидмұсаевпен келіскен.
Жоробаевтың айтуынша, 22 сәуірде Суу-Башы айыл аймағының тұрғындары аудан орталығына жиналып, Өзбекстан жағынан су келмей жатқанына наразы екенін айтқан. Суу-Башы ауылы «Ширеч» су сорғыш станциясының көмегімен су алып отыр. Тозығы жеткен бұл бекет Өзбекстанмен келісілмеген жерде орналасқан.
«Әзірге су торабын қырғыз жағы жөндеп жатыр. Су бір-екі күнде ауылға жетеді», — деп мәлімдеді Учкунбек Жоробаев.
«Ширеч» станциясы Баткен облысындағы Боз-Адыр, Қара-Токой және Ширеч ауылдарына да су жеткізуге көмектесіп отыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, су торабы Қырғызстанға қарайды, бірақ Өзбекстан аумағында орналасқан.