Қырғызстанның министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров 7 желтоқсанда жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға барды. Бұл жөнінде үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында екі тарапты және көп тарапты кездесулерге қатысып, экономикалық және мәдени нысандарға барады деп жоспарланған.
Қараша айының басында Ақылбек Жапаров Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен Бішкекте «Еуропалық одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында кездескен. Онда вакцина алған қырғыз азаматтарын Қазақстанға жіберу мәселесі сөз болған. Сол кезде бұл мәселе әлі талқыланатыны айтылған.
Қырғызстан мен Қазақстан шекарасының өткізу бекеттері 2020 жылдың наурыз айынан бері жабық тұр. Қырғызстан азаматтары Қазақстанға тек ұшақ арқылы бара алады. Ал Қазақстан азаматтары Қырғызстан жеріне еркін бара алады.
Соңғы жылдары екі ел арасында шекарадан жүк көліктерін өткізу мәселесі жиі көтерілетін тақырыпқа айналды. Қырғыз тарабы Қазақстан жүк көліктерімізді жиі тексеріп, кептеліс туғызады деп шағымданып келеді.