Қырғызстан президенті: қырғыз-тәжік шекарасының 50 пайызы белгіленді

Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекарасының 50% астам жері келісілді. Осылай деп президент Садыр Жапаров 30 тамызда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында дипломатиялық миссия және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

«Тәжікстанмен сөйлесу нәтижесінде мемлекеттік шекара қашықтығының 50% астам бері келісілді. Біз әрі қарай екі ел бірін-бірі сыйлау, құрметтеу ұстанымымызбен процесті әрі қарай жалғастыра береміз», — деді Жапаров.

Осыған дейін соңғы үш айда Қырғызстан мен Тәжікстан шекараның 40 шақырымы бойынша ортақ пікірге келгенін мәлімдеген.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының қашықтығы 970 шақырым, оның 519 шақырымы анықталған.

Екі ел арасында осы шекара мәселесі бойынша қақтығыстар жиі болып тұрады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий