Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 9-11 маусым күндері Түркияға ресми сапармен барады. Сапар барысында түрік президенті Режеп Тайып Ердоған бастаған жетекшілермен кездеседі.
Сонымен бірге президенттердің қатысуымен екі елдің Стратегиялық ынтымақтастығы жоғарғы кеңесінің V-отырысы өтеді.
Одан бөлек Түркітілдес мемлекеттердің әріптестігі кеңесі аясында жиын өтіп, бизнес форум болады деп күтіреді. Бұл туралы 7 маусымда ресми хабарланды.
Жапаровтың сапары түркиялық қырғыз азаматы Орхан Инандының із-түссіз жоғалып кеткен кезге сәйкес келіп отыр.
Қырғызстанда 20-дан астам «Сапат» жеке лицейінің, халықаралық «Ала-Тоо» университетінің негізін қалаушылардың бірі Орхан Инанды 1 маусымға қараған түні жоғалып кеткен. Ол Түркияда «террорист» деп танылғандықтан, азаматтық қоғам «оның жоғалуына Анкараның қатысы бар» деген болжамдар айтып отыр. Түркия ресми түсініктеме берген емес.