Қырғызстан президенті ресми сапармен Тәжікстанға, Түркіменстанға барады

Президент Садыр Жапаров 27-29 маусымда ресми сапармен Түркіменстанға, Тәжікстанға барады. Бұл туралы қырғыз президентінің аппараты хабарлады.

Сапар барысында Садыр Жапаров Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедовпен келіссөз жүргізеді. Екі елдің басшылары әріптестік және аймақ қауіпсіздігі мәселелерін талқылайды.

28 маусымда президент Садыр Жапаровтың Тәжікстанға сапары басталады. Қырғыз президенті тәжік әріптесі Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізеді. Олар қырғыз-тәжік шекарасына қатысты мәселелерді талқылайды.

Садыр Жапаров Тәжікстанға президент ретінде бірінші мәрте сапарлайды. 30 сәуірде президенттер шекарадағы жанжалды талқылау үшін телефонмен сөйлескен.

Еске салайық, 28-30 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы жанжал болып, соның салдарынан ондаған адам қаза тапты.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий