Қырғызстан президенті сайлау туралы заңға қол қойды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сайлау туралы заңға қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Заңдарға енгізілген өзгертулерге сәйкес, Қырғызстан парламенті депутаттарын сайлау аралас сайлау жүйесімен өтеді. Енді Қырғызстан парламенті саяси партиялар тізімі (54 мандат) мен бір мандатты округтар (36 мандат) бойынша жасақталады.

Биыл 11 сәуірде өткен референдумда Жогорку Кенешті жасақтаудың жаңа тәртібін қарастыратын жаңа Конституция қабылданды.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, заң бүгіннен бастап күшіне енді. Одан соң президент парламент сайлауы өтетін күнді белгілейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий