Қырғызстан президенті: Текебаевқа шабуылдағандар кәдімгі бұзақылар болып шықты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Aryba.kg басылымына сұхбатында «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Омурбек Текебаевқа жасалған шабуыл туралы пікір айтты.

Саясаткерді соққыға жығуды билік бұйырғаны рас па деген журналист сауалына мемлекет басшысы: «ОСК төңірегінде дау толастамай тұрғанда, қосымша қиындық туғызудың қажеті шамалы», — деп жауап берген.

— Текебаевты ұрып, оның телефонын тартып алғандар кәдімгі қарапайым жігіттер болып шықты. Олардың біреуі ұсталды. Телефон Текебаевқа қайтарылды. Ұсталған күдікті тергеліп жатыр. Әрекетін Текебаевтың митингілерінен шаршағанымен түсіндірген. Біз әуелі бұны Текебаевтың өзі ұйымдастырған болар деп ойладық. Алайда ол шабуылды биліктің әрекеті деп отыр. Бірақ бұған екі тараптың да қатысы болмай шықты — бұзақылардың әрекеті екен, — дейді Жапаров.

1 желтоқсанда күндіз «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Омурбек Текебаевқа «Парк Отель» мейрамханасында белгісіз біреулер шабуылдады. Ол бұны саяси қызметімен байланыстырып, шабуылды саяси террор деп сипаттады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий