Қырғызстанның Нарын облысы бойынша президенттің уәкілетті өкілі Алтынбек Эргешов Жетім тау кенішін өндіру жөнінде әзірге мәселе жоқ деп мәлімдеді.
Ол жергілікті халықпен кездесу кезінде «Жетім тау – бұл халық байлығы. Оны өңдеу жөнінде ешқандай сөз жүріп жатқан жоқ», — деді.
Алтынбек Эргешов бұл қызметіне шілде айының басында тағайындалған.
Сәуір айында Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров Азаттық радиосына берген сұқбатында «Құмтөр кенін өндіруден түскен ақша елдегі өзге қазба байлықтарын игеруге жұмсалады, атап айтқанда Жетім тау кені» деп мәлімдеген.
«Ұлы көшпенділер мұрасы» ұлттық холдинг басшысы Теңіз Бөлтірік бұл кенді игеру үшін кемінде 2 млрд доллар қажет деп мәлімдеген.
Қытай шекарасына жақын орналасқан маңайда Жетім тау кені 1956 жылы ашылған.
Мұнда негізінен темір кені табылған. Сонымен бірге алтын және пайдалы қазбалар бар делінеді.