Қырғызстан Ресейден өсімдік майы мен қант сатып алды

Қырғызстан үкіметі азық-түлік бағасын реттеу үшін Ресейден өсімдік майы мен қант сатып алды. Тауар сәуір айынан бастап Қырғызстан дүкендеріне түседі.

Бұл жөнінде Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Темиржан Мааткеримов хабарлады.

Оның сөзінше, 500 тонна өсімдік майы мен 3 мың тонна қант сатып алу жөнінде келісім-шарт жасасқан. Сатып алынған тауарлар мемлекет қоймасына жеткізіледі.

Былтыр Қырғызстанда азық-түлік бағасы 17,6 пайызға өсті. Өсімдік майы 1,7 есеге өскен.

Қырғыз президенті Садыр Жапаров Азаттыққа берген сұқбатында Ресейден азық-түлік сатып алу үшін 400 млн сом бөлінгенін айтқан.

Комментарий (0)
Добавить комментарий