Қырғызстан сәуір төңкерісінің 13 жылдығын атап өтіп жатыр

7 сәуірде Қырғызстан сәуір төңкерісінің 13 жылдығын атап өтіп жатыр.

Бішкекте осы күнді еске алу митингі өтті. Сәуір оқиғасына қатысушылар мен қаза болғандардың туыстары 2002 жылғы Ақсы оқиғасы мен 2010 жылғы сәуір оқиғасының құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойды. Монумент қырғыз парламенті ғимаратының жанында орналасқан.

«Мақсатымызға жартылай ғана жеттік. Біз сот әділдігін, құқық қорғау органдарының, прокуратураның міндетін адал атқарғанын талап еттік. Біз белгілі бір топтардың ғана билікті басқаруына қарсы шықтық. Олар биліктен кетті, бірақ кәрі саясаткерлер әлі саясатта жүр. Қазіргі биліктің қан төккен Бәкиевтерді ақтау тырысып жатқаны қынжылтады», — дейді сәуір төңкерісіне қатысқандардың бірі Қонушбек Доолотәлиев.

«Ата-Бейіттегі» шараға президент Садыр Жапаров, экс-президент Сооронбай Жээнбаев қатысты. Олар 2010 жылғы халық көтерілісінде қаза болғандарды еске алды.

2010 жылғы сәуірде Қырғызстанда президент Құрманбек Бәкиев отбасының билік құруына қарсы жаппай наразылық акцисы өтті. 6 сәуірде митинг Нарын мен Талас облыстарында басталды. Наразы топ облыс әкімшіліктерін басып алып, халық билігі орнағанын жариялады. Сол күні Бішкек, Талас және Ош қалаларында оппозиция жетекшілерін ұстай бастады. 7 сәуірде Бішкекте оларды босатуды талап етушілер Ақ үйді басып алды. Наразы топқа қарсы оқ атылды. 87 адам қаза болды.

Сәуір оқиғасында билік құлады. Құрманбек Бәкиев пен оның туыстары, президентке жақын шенеуніктер шетелге қашты.

Сәуір оқиғасы бойынша сот бірнеше жылға созылды. Сот 28 айыптау үкімін шығарды. Құрманбек Бәкиев пен оның ағасы Марат сырттай 30 жылға сотталса, Жаныш пен Максим Бәкиевтер өмірлік түрме жазасына кесілді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий