Қырғызстанның СІМ азаматтарын әзірге Пәкістанға бармай тұруға шақырды. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір Пәкістанда ішкі саяси ахуал күрт нашарлап тұр.
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі, оппозициялық «Әділеттілік үшін қозғалыс» партияның лидері Имран Хан 9 мамырда Исламабадта ұсталған.
Ол ұсталғаннан кейін Пәкістанда жаппай тәртіпсіздік басталып кетті. 14 әкімшілік ғимаратқа және 21 полиция көлігіне өрт қойылды. Карачи, Лахор және Кветта провинциясында да қақтығыс болып жатыр.
Әлемдік БАҚ-тың жазуынша, 8 адам қаза тауып, 1500-ден астам адам жарақат алған.