Қырғызстан Түркияға тағы 50 құтқарушы жіберді

12 ақпанда Қырғызстан Түркияға зілзаладан кейін құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін тағы 50 құтқарушы жіберді. Бұл жөнінде Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Төтенше жағдай министрі Бообек Ажикеевтің сөзінше, арнайы ұшақпен Түркияға 50 құтқарушы, 6 дәрігер, 75 киіз үй және оларды құратын адамдарды жіберген.

Келесі аптада тағы 50 құтқарушы, 75 киіз үй, медициналық құралдар мен қажетті заттар жіберілмек.

Осыған дейін Қырғызстан Түркияға 100 құтқарушы жібереміз деп мәлімдеген. Жер сілкінісі болған алғашқы күні Бішкек бірден 63 маманды жөнелтті.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 магнитудалы бірінші жер сілкінісі болған. Ол Сирияның да бірнеше ауданына әсер еткен. Бірнеше сағаттан соң 7,6 магнитудалы екінші жер сілкінісі тіркелді. Одан соң 1200-ден астам жерасты дүмпуі тіркелген. Түркияда 12 ақпанға дейін қаралы күн жарияланды. Жер сілкінісінің салдарынан екі елде де сәулет ескерткіштері қираған.

Түркияда үш ай төтенше жағдай жарияланды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий