Қырғызстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау жөніндегі ұйымдастыру комитеті қырықтан астам шара өткізеді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметке қарағанда, Бішкекте әскери және еңбекшілер парады өтеді, ал облыстарды театр қойылымдары, концерттер, ақындар айтысы, сурет көрмелері, қолөнершілер мен дизайнерлер фестивальдары өтеді. Жыраулар «Манас» эпосын жырлайды.
Үкімет басшысы Ұлықбек Марипов тәуелсіздікті тойлау кезінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескеру қажеттігін айтты.
Қырғызстан былтыр 31 тамызда тәуелсіздіктің 29 жылдығын пандемияға байланысты атап өтпеді.
1991 жыл5ы 31 тамызда парламент Қырғызстанның тәуелсіздігі туралы декларацияны қабылдады.