Қырғызстан Жоғарғы Нарын ГЭС-і каскадының құрылысына Ресейді тартқысы келеді

Азаттық радиосы қырғыз қызметіне сұқбат берген Қырғызстан энергетика және өнеркәсіп министрі Кубанычбек Турдубаевтың айтуынша, билік Жоғарғы Нарын ГЭС-і каскадының құрылысына Ресейді тартқысы келеді.

Министрдің пікірінше, жанжалды «Русгидро» компаниясымен әріптестікті қайта қалпына келтіру арқылы шешуге болады.

«Біз осындай ұсыныс жасадық. Ресей тарапына ұсындық. Бірақ біз жобаны өзгерткіміз келеді. Төрт станцияның орнына бір станция салғымыз келеді. Ресейдің энергетика министрлігі ұсынысты мақұлдады», — деді министр.

2012 жылы Қырғызстан мен Ресей үкіметтері Жоғарғы Нарын су электр станциясы каскадының құрылысы туралы келісімге отырға. Сол үшін бірлескен кәсіпорын құрылған. Жоба аясында төрт станция салу көзделген.

Алайда 2016 жылғы тамызда Қырғызстан келісімді бұзды. «Русгидро» жобаға жұмсалған қаржыны қайтаруды талап етіп, Қырғызстаннан 37 млн доллар сұрады. 2018 жылғы 31 қазанда «РусГидро» Гаагадағы халықаралық төрелік сотқа жүгінді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий