Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров Жогорку Кеңештің 16 ақпандағы отырысында құрылысы аяқталған үйлердің қаншалықты берік екені тексерілетінін хабарлады.
Депутат Марлен Маматалиев Түркиядағы зілсала салдарын еске алып, Қырғызстанда құрылысы аяқталған үйлерді тексеру жөнінде комиссия құруды ұсынған.
Ақылбек Жапаров тексеру туралы шешім қабылданғанын, тиісті тапсырма берілгенін айтты.
«Кашкаров балғасы» деген бар, соның көмегімен бетонның қаншалықты берік екенін тексеруге болады. Аса қымбат емес, бірақ мемлекеттік мекемелерде болған жоқ. Соған тапсырыс бердік. Арнайы рентген-аппараттардың көмегімен де тексеріледі. Жөндеу қажет болса, ғимарат он жыл бұрын салынса да, кім тұрғызғанын табамыз. Тексеруді бір тоқсанда аяқтаймыз. Қаншалықты қиын болса да, адам өміріне қауіп төндіретін ғимараттарды құртамыз», — дейді Ақылбек Жапаров.
Үкімет басшысы салынып жатқан үйлерді тексеру күшейтіледі. Дегенмен премьер-министр нақты қай жерлерде, нақты қай үйлер тексерілетінін айтпады.
Түркия мен Сирияда 6 ақпанда болған зілзаладан мыңдаған құрылыс қирап, 41 мыңнан астам адам қаза болды.
Қырғызстан тұрғындары да елдегі құрылыс сапасына алаңдай бастады. Сәулетші Бейсен Кариев Азаттықтың Қырғыз қызметіне Бішкек қаласындағы ғимараттардың сапасы туралы сұқбат берді.