Қырғызстанда «Ала-Арча» ұлттық паркіне туристік орталық салынады

Туризм департаментінің және Ала-Арча ұлттық паркінің басшылығы туристік орталық салынатын жерді инвесторларға көрсетті. Бұл туралы Туризм департаменті мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, туристік орталықта кафе намзхана, туристер үшін ақпарат орталығы болады. Бірақ туризм департаменті инвесторларға бұл жер қандай шартпен берілетінін айтпады.

2022 жылы Жогорку Кеңештің депутаты Элдар Сулаймановтың Ала-Арча ұлттық парктің бағытын өзгертіп, ол жерге бизнес нысандарын салуды ұсынған. Алайда бұл ұсыныс қоғам тарапынан сынға қалды.

Ала-Арча ұлттық табиғи паркі 1976 жылы құрылған. Ол жалпы төрт аймаққа бөлінеді. Онда жабайы жануарларды көбейту, тамақтандыру аймағы бар.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий