Қырғызстанда бас прокурор міндетін уақытша бірінші орынбасар Абай Молдокматовқа жүктелді. Бұл жөнінде ел президенті Садыр Жапаров мәлімдеді.
Осыған дейін ол өзінің шешімімен бас прокурор қызметінен Құрманкүл Зулушевті уақытша шеттеткен. Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мұны «денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс әділетті тергелу мақсатында жасалғанымен» түсіндірген.
Өткен аптада елдің денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев мемлекет қазынасының 1,5 млрд сомын ұрлады деген айыппен ұсталған. Ол коронавирус пандемиясы кезінде бөлінген ақшаны жымқырып, шетелге шығарды деп айыпталып жатыр.
Бас прокуратура мәліметінше, Алымкадыр Бейшеналиевке қатысты 7 бірдей қылмыстық іс қозғалған.