Қырғызстанда бензин бағасы қымбаттап жатыр. Қыркүйек айының соңында Аи-92 және Аи-95 маркалы бензин бағасы 2-3 сомға тағы өсті.
20 қыркүйек бойынша жанармайдың орташа салыстырмалы бағасы:
Қырғызстан | Қазақстан | Ресей | Беларусь | Армения | |
Аи-92 | 57,5 | 34,5 | 53,9 | 67,2 | 78,7 |
Аи-95 | 62,0 | 40,7 | 59,6 | 69,6 | 80,6 |
ДТ | 51,7 | 40,3 | 58,7 | 70,6 | 77,0 |
Осыған дейін сарапшылар Қырғызстанда бензин бағасы Ресейден де қымбат болады деп ескерткен. Себебі, қыркүйек айынан бастап Ресей Қырғызстаннан қосымша құн салығын ала бастады.
Ресей бұған дейін бес жыл жанармайды салықсыз жіберіп отырған.
Қырғызстан жыл сайын орта есеппен 1,1 млн тонна жанармай пайдаланады.