Қырғызстанда екі этникалық тәжік бостандыққа шықты

Қырғызстанда қамауда он ай отырған екі этникалық тәжік — Баткен облысы Лейлек ауданындағы Борбордук ауылының тұрғындары бостандыққа шықты. Амонжон Бобожонов пен Аюбжон Уруновтың қамаудан босағаны туралы ресми мәлімет әлі жарияланбады.

2021 жылғы қыркүйекте Лейлек ауданының соты Борбордук тәжік тәжік ауылының тұрғындары Амонжон Бобожонов пен Аюбжон Уруновты 8,6 жылға соттады. Сот оларды мемлекеттік шекараны бұзды, қарақшылық жасады деп таныды. Сол кезде сотталушылардың туыстары үкімді тым қатаң деп есептеп, жоғары сот инстанциясына арызданатынын мәлімдеді.

Бостандыққа шыққан екеудің бірінің туысының хабарлауынша, Амонжон Бобожонов 15 шілдеде үйіне оралған, екі күннен соң Аюбжон Урунов та отбасымен қауышқан. «Қырғызстан билігі Амонжон мен Аюбжонның қамаудан не себепті босағанын айтпады. Өзіміз де ештеңе білмейміз. Бастысы — қазір олар бостандықта, бәріміз қуаныштымыз», — деді ол 18 шілдеде Озоди радиосына.

Бұл уақытта, Амонжон мен Аютжонмен бірге сотталған осы ауылдың тағы бір тұрғыны — Акмалжон Исоев әлі колонияда отыр. Ол 2021 жылғы сәуірде тәжік-қырғыз шекарасында болған қарулы жанжал кезінде қарақшылық жасады, сонымен бірге есірткі сатты деп айыпталған. 21 қыркүйекте Лейлек ауданының соты Исоевты 15 жылға соттады. Туыстары сот үкімін «негізсіз» деп атады.

Шілденің басында Тәжікстанда қамауда отырған 11 қырғызстандық елге оралды. Олардың бәрі шекарадан заңсыз өтті деген айыппен ұсталған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий