Қырғызстанда екі тәжік азаматы өмір бойы түрме жазасына кесілді

Баткен облыстық соты Тәжікстанның екі азаматы Асқар Юнусов пен Абдурозик Каххоровты өмір бойы бас бостандығынан айырды. Олар «Бейбітшілікке қарсы қылмыс жасау» және «Тонаушылық» баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Тәжікстан азаматтары биыл сәуір-мамыр айларында болған шекарадағы қарулы жанжал кезінде ұсталған.

Аскар Юнусовтың әкесі Абдулазиз сот үкімі 14 қыркүйекте шыққанын жеткізген. Оның сөзінше, сот отырысы жабық өткен. Айыпталушылардың туыстары кіргізілмеген.

«Тергеуде ұлымның қарулы адамдардың жанында тұрғаны түсіп қалған видеодан басқа ешқандай дәлел болмаған», — дейді ол.

Бұдан бөлек 15 қыркүйекте Қырғызстанда тағы үш адамға қатысты сот отырысы басталды. Олар сәуір-мамыр айларында қарулы қақтығысқа қатысты деп айыпталып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы олардың әрбіріне 20 жылдан сұрады. Этникалық тәжіктер «Отанына сатқындық жасау», «Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту» және «Заңсыз есірткі сату» баптары бойынша айыпталып жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий